Ақтөбе облыстық ПД бастығы Алға ауданына жұмыс сапарымен барды
26 наурызда Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Алға ауданына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықпен кездесу жергілікті мәдениет үйінде өтті. Алдымен жергілікті тұрғындар аудандағы жедел ахуалмен танысты. Халықпен есептік кездесу барысында полиция департаментінің басшысы Абай Жусупов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының, сондай-ақ 2025 жыл - профилактика жылы деп жариялануына байланысты, ведомство басшысының заң мен тәртіп күзетіндегі полицияның алдына қойған міндеттердің іске асырылуы туралы айтты.
Кездесу барысында полиция басшысы нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар қылмысы және әсіресе интернет-алаяқтық мәселелеріне ерекше тоқталды. Өз сөзінен кейін Абай Жусупов азаматтардан түскен барлық сұрақтарды тыңдап, жауап берді. Есеп беру кездесуінде қозғалған мәселелер учаскелік және жол-патрульдік полиция инспекторларының қызметінен бастап, әлеуметтік мәселелерге дейін әртүрлі сипатта болды.
Кездесу соңында А.Жусупов қатысушылардың барлығына белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, полиция мен азаматтар арасындағы ынтымақтастық пен сенімді қарым-қатынас орнату - қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді түсінуге және шешуге оң ықпал ететінін атап өтті.
- Тұрғындардың бірде-бір сұрағы немесе өтініші жауапсыз қалмайды, - деп қорытындылады Абай Жусупов.
Кездесуден кейін полиция департаментінің бастығы азаматтарды жеке қабылдады.