Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облыстық ПД-да маңызды жиын өтті

Ақтөбе облыстық ПД-да маңызды жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқықтық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірдің құқық қорғау органдары үнемі бір-бірімен тиімді байланыста. Олардың бірлескен сапалы іс-қимылы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау кезінде туындаған мәселелерді тиімді шешуі мен жедел ден қоюына мүмкіндік береді.

14 ақпанда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету аясында Ақтөбе облысының полиция департаментінде өңірдегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен өзекті талқылаулар өткізілді. Атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтыруларды талқылау үшін ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов судьялар, прокурорлар және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Мұнда судьялар әкімшілік істерді қарау кезінде құқық қолдану практикасында туындайтын мәселелерге ерекше назар аударды.

Сонымен қатар мүдделі құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов үй қамағына алынған күдіктілер санаты бойынша полицияда есепте тұрған адамдарға бақылауды күшейту мәселелерін талқылады. Полицейлердің айтуынша, аталған санаттағы адамдарға қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану қылмыс жасаудың алдын алуға көмектеседі, сонымен бірге бақыланатын адамдардың өздері үшін жақсы жағы – олар өз отбасымен еркін өмір сүре алады. Кездесулер соңында құқық қорғау органдарының өкілдері көтерілген сұрақтарды жан-жақты талқылап, алдағы кезеңге міндеттерді белгіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру