Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы гарнизондық тарату өткізді
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы гарнизондық тарату өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қазанда Ақтөбе қаласы полиция басқармасының плацында полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратылуы өтті. Жиын барысында ПД бастығы Абай Жусупов қызметке түсетін жасақтарға азаматтармен сыпайы және әдепті қарым-қатынас жасау, қызметтік міндеттерін сервистік тәсілге толық бағыттала отырып атқару, облыс жолдарындағы қауіпсіздікті арттыруға негізделген шараларды қабылдау туралы нұсқау беріп, Мемлекет басшысы мен ІІМ басшылығының құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуге бағытталған талаптарын жеткізді.
– Қызмет атқару кезінде әртүрлі құқық бұзушылар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесіп, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуді талап етемін, – деді ПД бастығы Абай Жусупов.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрам қаладағы жедел жағдай туралы хабардар етіліп, қылмыс жасаған, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру бойынша бағдарлармен таныстырылды. Гарнизондық таратудан кейін полиция қызметкерлері қала көшелерінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісті.