Ақтөбе облыстық ҚАЖД-да тәлімгерлер кеңесінің мүшелері жас мамандармен кездесті
Ақтөбе облыстық ҚАЖ департаментінде тәлімгерлер кеңесінің мүшелері жас мамандармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік институты – жас мамандарды оқыту мен тәрбиелеудің маңызды элементі, қоғамдық борышының жоғары санасы, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімі, олардың кәсіби және рухани өсуіне ықпал ететін қызметкерлердің лайықты адамгершілік бейнесін қалыптастыруға бағытталған.
Ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік дәстүрі маңызды, өйткені ол жұмыс тәжірибесінің сабақтастығын, жас қызметкерлердің қызметке бейімделуін, кәсіби қалыптасу процесін жеделдетуді және дамуды қамтамасыз етеді. Іс-шара барысында ардагерлер өз кезегінде өз тәжірибелеріне сүйене отырып, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістері туралы ұсыныстарын айтып, қолдауларын білдірді.
Сонымен қатар ардагерлер ішкі істер органдары жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі, мерзімді мінсіз қызметі және полиция күні мен Астана күнінің мерейтойына байланысты ҚР ІІМ-нің, ҚАЖД бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.