Ақтөбе облыстық ҚАЖД мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы ұйымдастырылды
Ақтөбе облыстық ҚАЖД мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №70 мекемесінде шаруашылық жасағындағы жазасын өтеушілер жазасының қалған бөлігін неғұрлым жеңіл түрмен, яғни шектеу түрімен өтейтініне байланысты «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды. Жоба аясында әлеуметтік бейімдеу бағытында іс-шара жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамға қолдау көрсетіп, қоғамның толық мүшесі болуына ықпал ету.
Өткізілген іс-шараға «Мансап орталығы» КММ маманы Нұржан Қуандықов шақырылды. Ол өз кезегінде мекемеден босатылатын сотталғандарға 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба мемлекеттік бағдарламасын, атап айтқанда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік оқыту, мемлекеттік гранттар кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдемдесу, сонымен қатар әлеуметтік ақшалай көмек түрлері туралы толықтай түсіндіру жұмыстарын жүргізді.