Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ардагерлермен кездесу өтті
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ардагерлермен кездесу өтті, ІІМ нұсқауына сәйкес ардагерлер ұйымымен өзара әрекеттестік жалғасуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылғы 28 мамырда Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен ардагерлер ұйымымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті. Іс-шара ҚР Ішкі істер министрлігінің 2023 жылғы 16 қазандағы №740 бұйрығына сәйкес өткізілді.
Кездесуге департаменттің басшылығы, мекеме басшылары, олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.А. Баймағанбетов, тәлімгерлер кеңесінің төрағасы М.Н. Куписов және қызметтік міндетін адал атқарған, бүгінде зейнетке шыққан 30-ға жуық ардагер қатысты.
Кездесу барысында ардагерлердің жас қызметкерлерге тәлімгерлік қолдау көрсетуі, кәсіби тәжірибесімен бөлісуі және қоғамдық шараларға белсене қатысуы ерекше атап өтілді. Ардагерлер зейнетке шықса да, ҚАЖ саласындағы дәстүрлі тәрбие мен кәсіби бағытты сақтауға өз үлестерін қосып келеді.
Сондай-ақ кеңесте тәлімгерлер кеңесінің атқарған жұмыстары бойынша есеп берілді. Тәлімгерлік жүйе жас мамандардың кәсіби бейімделуіне, моральдық-психологиялық тұрақтылығына ықпал етіп келе жатқаны атап өтілді. Кеңес төрағасы М.Н. Куписов тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижелерімен бөлісті.
Іс-шара аясында ҚАЖ саласының ардагерлері Ардагерлер қоғамының төрағасы С.А. Баймағанбетовтың Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл құрмет – олардың көп жылғы адал қызметі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі белсенділігінің айғағы болды.
— Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті ардагерлермен өзара іс-қимылды әрі қарай да жалғастыра отырып, оларды жас буынға үлгі ету арқылы тәрбиелік жұмысты жаңа деңгейге көтеруді көздейміз, - деді тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы Сабржан Нуртазин.