Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарға шеберлік сабағы өтті
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарға шеберлік сабағы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілердің біліктілігін арттыру курстарын жаңарту мақсатында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының қолдауымен бизнес ашу бойынша екі күндік шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Оқыту 23–24 қыркүйек күндері белгілі бизнес-тренер Ержан Нұрғалиевтің қатысуымен өтті. Іс-шараға қауіпсіздігі орташа мекемелердегі сотталғандар мен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар қатысты.
Тренинг барысында қатысушылар өз ісін құру және жүргізу бойынша тәжірибелік білім алып, кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тетіктерімен және заманауи тәсілдерімен танысты.
Шеберлік сабағының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға курсты аяқтағаны жөнінде сертификаттар табысталды.