Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері балаларды 1 маусым мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №8 мекемесінің қызметкерлері ерекше әрі маңызды шара өткізді. Олар Ақтөбе облыстық арнайы көру қабілетінде ақауы бар балалар оқитын “Мектеп-интернат-колледж” кешеніне арнайы барып, балаларды мерекемен құттықтады.

Мекеме қызметкерлері 1-3 сыныпта оқитын 10 балаға түрлі ойын-сауық және спорттық сыйлықтар тарту етті. Атап айтқанда, балаларға бес шахмат, төрт доп, екі жұп теннис ракеткасы және оқу-дамытуға арналған ойыншықтар табысталды. Бұл сыйлықтар балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне ықпал етіп, ойлау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.

– Балалардың көңілінен шығу, олардың мерекесін қуанышқа бөлеп, назардан тыс қалдырмау – біз үшін үлкен мәртебе. Осындай іс-шаралар балалардың рухани дамуына, мейірімділік пен қамқорлықты сезінуіне үлкен үлес қосады, – деді тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Венера Ғабитова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру