Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД аумағында сенбілік өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекеме аумағын абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілік өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сенбілікте ҚАЖ департаменті бастығының орынбасарлары Бақытжан Илюпов, Нұрбек Кабдикаримов және департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлері мекеме аумағына қарасты ішкі-сыртқы аулалар мен мекеменің ішкі аумағында орналасқан барлық ғимараттарда тазалық жұмыстарын белсенділікпен жүргізді. Сонымен қатар мекеме аумағындағы гүл отырғызу жұмыстарына дайындық пен теректердің түбін әктеу сынды бірқатар жұмыстарды атқарды.

– “Тазалық – табалдырықтан басталады” демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгінгі ұйымдастырылған сенбілікте департаменттің жеке құрамы қала тынысының кеңеюіне үлестерін қосты. ҚАЖ қызметкерлері мұндай игі жұмыстарға алдағы уақытта да ұйымшылдықпен үлестерін қоса береді және сенбіліктер түзеу мекемелерінің аумағында да жалғасады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру