Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-да тұрғын үй төлемдеріне байланысты дөңгелек үстел өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-да әскери қызметшілер мен арнаулы органдар қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне байланысты “Тұрғын үй дауларын қарау бойынша сот практикасы мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дөңгелек үстел бағдарламасына
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, Ақтөбе облысының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьялары, сондай-ақ Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің, Ақтөбе облысы ПД, «ҚТҚЖБ Отбасы банкі» АҚ мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Тәжірибеде қолданылатын судьялардың баяндамалары тыңдалды, оларды қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер және тұрғын үй дауларын қарау кезінде процестік нормалардың сақталуы талқыланды.

Әскери қызметшілер мен арнаулы органдар қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне байланысты тұрғын үй дауларын қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелері қаралды.

Дөңгелек үстел соңында судьялар, заңгерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында осы саладағы заңнаманы қолдану бойынша сұрақтар қойылып, тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру