Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД командасы футболдан жүлделі орын алды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД командасы футболдан жүлделі орын алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық бөлімшелері арасында дәстүрлі мини-футбол турнирі өтті. Спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 команда, жалпы саны 150 қызметкер қатысты. Турнир қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен ұжымдық бірлікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған жарыста Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді. Команда мүшелерінің ұйымшылдықпен, жігерлікпен ойын өрнегін көрсеткені жанкүйерлер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Сондай-ақ жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды. “Үздік шабуылшы” аталымы бойынша Артыков Гасырбек үздік деп танылды. Ол турнир барысында қарсылас командалар қақпасына бірнеше мәрте дәл соққы жасап, Ақтөбе командасының жүлделі орын алуына елеулі үлес қосты.
Жеңісті жеңіспен аяқтаған спортшыларды ҚАЖ департаменті ұжымы салтанатты түрде қарсы алып, марапаттады. Қызметкерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл жеңіс – тек спорттық жетістік қана емес, сондай-ақ ұжымдық бірлік пен патриоттық рухтың көрінісі болды.
— Ақтөбе ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да спорттық және мәдени іс-шараларға белсене қатысып, ведомстволық деңгейде облыс намысын қорғауды жалғастыратындығын айтты, — Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы Ардак Юсупов.