Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Полиция күні мен Донор күніне орай қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Полиция күні мен Бүкіләлемдік донор күніне орай облыстық қан орталығында ерікті түрде қан тапсырды.
Бұл игі шара – адамдардың өмірін құтқаруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастаманың бір бөлігі. Қызметкерлер өз еріктерімен донор ретінде қатысып, қайырымдылық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
- Бұл іс-шара кәсіби мерекелер қарсаңында ерекше маңызға ие болып отыр, - деді тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығының м.а Ардақ Юсупов.
Облыстық қан орталығының мамандары ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс білдіріп, донор болудың денсаулыққа пайдасы мол екенін және қан компоненттерінің көптеген науқастар үшін өмірлік маңызы бар екенін атап өтті.