Ақтөбе облысы ПД басшысының орынбасары тұрғындармен кездесті
Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Мұрат Сейталин жұмыс сапарымен Байғанин ауданына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары жұмыс сапары барысында аудан тұрғындарымен кездесті.
Әрі қарай азаматтарды өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді. Барлық проблемалық мәселелер бойынша М. Сейталин аудандық полиция бөлімінің басшысына нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ қауіпсіздікті нығайтуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер қойды. Халықпен кездесу соңында Байғанин ауданының жеке құрамымен жедел кеңес өткізіп, жеке құрамға Ішкі істер министрлігінің талаптарын жеткізді.
Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Мұрат Сейталин ІІО ардагері Жалғас Жаулыбайұлына барды. Ардагер М.Сейталинге ерекше көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін үлкен алғысын білдірді.