Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығы аудандық бөлімдердің жұмысын қорытындылады

Ақтөбе облысы ПД бастығы аудандық бөлімдердің жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Алға және Мұғалжар аудандарына жұмыс сапарымен барып, 2024 жылдың I жартыжылдығында атқарған жұмыс нәтижелерін қорытындылады.

Аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамының қатысуымен өткен жедел кеңесте өткен кезеңде атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы кезеңге басым міндеттер айқындалды.

Абай Жусупов қызметкерлерге ІІМ талаптарын жеткізе отырып, отбасы-тұрмыстық саладағы бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шараларын күшейту, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен буллингтің алдын алу жұмыстарын жандандыру, вандализммен, қоршаған ортаны ластаушылармен күресті күшейту, алаяқтықпен, есірткі таратушылармен күресте цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен қолдану, ЖКО алдын алу т.б. туралы заң мен тәртіпті күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру