Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығы кезекті жұмыс сапарымен ауданда болды

Ақтөбе облысы ПД бастығы кезекті жұмыс сапарымен Ойыл ауданында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов Ойыл аудандық полиция бөлімі бастығының есеп беру кездесуіне қатысты. Жиналысқа әкімдік, қоғам өкілдері, аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Жиналғандар алдында аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Берекенов баяндама жасап, аудандағы қылмыстық жағдайдың жай-күйі туралы хабардар етті.

Ойыл ауданы бойынша қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың тіркелуінің төмендеуіне қарамастан, ауыр қылмыстардың, бұзақылықтардың өсуі байқалады. Осыған ұқсас мас күйінде жасалған қылмыстардың үлес салмағы да жоғары, бұл қызмет көрсету аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша жұмыстың нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, маскүнемдіктің алдын алу бойынша жұмыс жеткіліксіз жүргізілуде, – деп баса айтты облыстың бас полицейі.

Мемлекет басшысы браконьерлік проблемасына көп көңіл бөледі, осындай қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.

А.Арыстановтың айтуынша, аудан аумағында бір орман шаруашылығы, үш тіркелген аңшылық шаруашылығы, төрт балық шаруашылығы су айдыны бар.

Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар «Көкжиде» қорықшасы орналасқан, онда бұғы, орал популяциясының киігі, жабайы қабандар мекендейді, үлкен аумақтарды табиғи құндылығы бар, соның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген орман екпелері алып жатыр.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында табиғат қорғау инспекциясымен тығыз өзара іс-қимыл жасау қажет.

Аудан орталығындағы кездесу барысында полиция басшысы ауданның негізгі проблемаларының бірі ретінде мал ұрлығына баса назар аударды және АПБ бастығы С.Берекеновке мал жаюды ұйымдастыру бойынша халықпен профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Облыстық ПД бастығы аудандық полиция бөліміне барып, учаскелік полиция инспекторларымен кездесті, онда Мемлекет басшысының учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру қажеттілігі туралы талаптарын жеткізді.

Тек ішкі істер органдарын ғана емес, барлық құқық қорғау органдарын да реформалау жүріп жатыр. Полицейлер жұмысының сервистік моделі енгізілуде. Әрбір учаскелік инспектор азаматтардың өтініштері мен арыздарына жедел әрекет етуі тиіс, – деп түйіндеді облыстық ПД бастығы.

Кездесу соңында ПД бастығы Атығай Арыстанов полицияның қоғамдық көмекшісі Мінсізбай Жайлыбаевқа құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектескені үшін алғыс хат пен шағын естелік сыйлық табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру