Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығының халыққа есеп беру кездесуі өтті

23 желтоқсан күні Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың халыққа есеп беру кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде тікелей эфир форматында өткізілді.

Ең алдымен, ведомство басшысы азаматтарды өңірдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Облыста қабылданған шаралардың нәтижесінде 2020 жылдың 11 айында қылмыстар саны азайды және тұрақты криминогендік жағдай байқалады.

Есептік кездесу барысында облыс тұрғындарынан белгілі бір аудандарда жол белгілерін, техникалық құрылғыларды орнату, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы сұрақтар келіп түсті. Кейбір тұрғындар осы жауапты кезеңде қызметте жүрген полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Кездесу соңында Департамент бастығы барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты.

– Полиция мен азаматтар арасындағы тікелей байланыс сенімді қарым-қатынас орнатуға, қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелерді түсінуге және шешуге ықпал етеді. Азаматтардың бірде-бір сұрағы немесе өтініші жауапсыз қалмайды, жақын арада барлық өтініш білдірушілерге жауап беріледі, – деп түйіндеді Атығай Арыстанов.

Айта кету керек, тікелей трансляцияға мыңнан астам көрермен қатысты, бұл өз кезегінде халықпен онлайн – өзара іс-қимыл жасау тиімді әрі ыңғайлы екенін айқын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру