Ақтөбе облысы ПД бастығының міндетін атқарушы азаматтарды жеке қабылдады
Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласының тұрғындарымен және қонақтарымен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиев санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды жеке қабылдады.
Азаматтар Полиция департаментінің басшылығына өзекті мәселелер бойынша жүгінді. Қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелерді Қанат Әлиев жеке бақылауға алды. Бірқатар нақты фактілер бойынша қызмет басшыларына әрбір өтініш пен шағымды егжей-тегжейлі қарап шығуға, өтініш жасағандарға әрбір мәселе бойынша толық жауап беруге, сондай-ақ заңнама шеңберінде көмек көрсетуге тиісті тапсырмалар берілді.
Полиция департаменті бастығының және орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы апта сайын бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимде және айына бір рет өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты офлайн режимде жүзеге асырылады. Азаматтарды қабылдауға алдын ала жазылу 8 (7132) 936-303 телефон арқылы жүзеге асырылады.