Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бірінші тоқсанда атқарған жұмысты қорытындылады

Ақтөбе облысы ПД бірінші тоқсанда атқарған жұмысты қорытындылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі белгілеген "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде 9 сәуірде Ақтөбе облысының полиция департаментінде 2025 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы шығарылды.
Жедел кеңес ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Садановтың төрағалығымен және барлық жеке құрамның қатысуымен өтті.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов профилактика жылы шеңберінде өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылған жұмыстың нәтижелері, сондай-ақ өңірдегі криминогендік ахуал туралы баяндады.

Есепті кезеңде қылмыс деңгейінің және құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Үш айдың ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, бұзақылық, алаяқтық (соның ішінде интернет-алаяқтық), мүлікті ұрлау, мал ұрлығы және қоғамдық орындарда, мас күйінде жасалған қылмыстар саны айтарлықтай азайды.

Жиында ІІМ өкілі жұмыстың жаңа форматына көшу қажеттігіне назар аударды. Жұртшылықпен өзара ынтымақтастықты нығайту, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына және мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту жөнінде нұсқаулар берді. Кәмелетке толмағандар арасындағы және отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыруға және алаяқтық пен есірткі қылмыстарына қарсы күресте цифрлық технологияларды кеңінен қолдануға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар кеңесте облыста жол-көлік оқиғаларының өскені, оларды талдау нәтижелері мен жол апаттарының алдын алу мәселелері де кеңінен талқыланды. Өткен кезеңде орын алған кемшіліктер де назардан тыс қалған жоқ. Бұзушылықтарға жол берген басшылар тыңдалып, алдағы уақытта осындай кемшіліктерді жою және алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жиыннан кейін Арман Саданов Ақтөбе қаласы ПБ базасындағы жаңа Жедел басқару орталығы, Психологиялық көмек орталығына арнайы барды, сондай-ақ, ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жеке құрамымен кездесіп, жұмысымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру