Ақтөбе облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы 216 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті
Ақтөбе облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы 216 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық тәжірибеде сервистік полиция – бұл мәселелерді шешуге және қоғаммен серіктестікке бағытталған басқару стилі мен ұйымдастырушылық стратегия.
Сервистік модельдің негізінде халыққа сапалы қызмет көрсету және полицияның қоғаммен байланысын арттыру.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы мемлекеттік қызметтің 13 түрін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 11 айында көші-қон қызметі басқармасы 216 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 206 мыңнан астамы мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.
– Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдай жасау, оның ішінде оларға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімдерінің ғимараттары және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету үшін қызметкерлерді шақыру батырмаларымен жабдықталған, – деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Эльмира Болтаева.
Бұдан басқа, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша қызмет көрсету кезінде жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылдың он бір айында көші-қон қызметі қызметкерлерінің мүгедектер мен қарттарға үйіне 409 рет барған. Көрсетілетін қызметті алушылар жалпы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қанағаттанарлық бағалағанын, ескертулер түспегенін атап өту керек.