Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы жыл басынан бері 17 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Ақтөбе облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы жыл басынан бері 17 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдары жұмысының мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігіндегі негізгі қағидаттары олардың автоматтандырылуы, жеделдігі және ашықтығы болып табылады. Түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы полиция органдары көрсететін бірқатар қызметтерді жоюға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы ПД Көші-
қон қызметі басқармасы жыл басынан бері 15 қызмет түрі бойынша 17 196 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Сондай-ақ, шетелдіктермен жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы және визалық-көші-қон порталы арқылы ала алады.

Осыған байланысты, шетелден және республиканың басқа өңірлерінен келген, ҚР азаматының жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесін анықтайтын құжаттарсыз тұратын адамдарға құқықтық көмек көрсету және құқықтық мәртебесін анықтау үшін Ақтөбе облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасына 55-80-71 номірір бойынша хабарласуды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру