Ақтөбе облысы ПД мұражай қызметкерлерін құттықтады
Халықаралық мұражай күнінде Ақтөбе облысы ПД мұражай қызметкерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын 18 мамыр күні бүкіл әлемнің мұражай қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі — Халықаралық мұражайлар күнін атап өтеді.
Бұл күні облыстық ПД бастығының орынбасары Мұрат Жакупбеков мұражай меңгерушісі Бибіайша Өтеулина мен Кадр саясаты басқармасының инспекторы Юлия Линькованы мерекемен құттықтады.
– Ақпаратты сақтаудың ешқандай заманауи тәсілдері мұражай экспозицияларын, мұражай қабырғаларында жиналған естеліктердің орнын ауыстыра алмайды. Полиция департаментінде өткен және қазіргі оқиғалардың куәгері, есте қаларлық көрмелер ұйымдастыруға және бірегей композициялар жасауға қабілетті лайықты сақтаушы бар, – деді Мұрат Жакупбеков.
Ақтөбе облысы ПД мұражайы 1989 жылы құрылған.
Мұражайдың негізгі міндеті – ішкі істер қызметкерлерінің жас буынына патриоттық және адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, халықпен байланысты нығайту, халық арасында полицияның даңқты батырлық дәстүрлері мен күнделікті өмірін насихаттау, адал адамдарды мәңгі есте сақтау.
Ақтөбе облысы ПД музейінің қоры бес мыңнан астам экспонатты құрайды.