Ақтөбе облысы Полиция департаменті қалта ұрлығын азайту жолдарын айтты
Ақтөбе облысы Полиция департаменті қалта ұрлығын азайту жолдарын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда ең көп таралған қылмыстардың бірі – қалта ұрлығы. Көбінесе «қалта ұрылары» лайықты киінген, тартымды келбеті бар адамдарды құрбан етеді. Мұның бәрі қылмыскерлерге өз құрбандарын адастыруға көмектеседі.
Мысалы, 21 қаңтар күні полиция бөліміне 42 жастағы әйел арызданған. Ол қаладағы сауда үйлерінің бірінде күртешесінің қалтасынан «ОРРО» ұялы телефонын ұрлаған.
Арнайы құрылған жедел топтың қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 43 жастағы күдікті анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады, ұрланған ұялы телефонды бейтаныс адамдарға сатқанын түсіндірді. Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті ұсынады:
1. Ұялы телефондарға көпшілік жерлерде мұқият болыңыз.
2. Сіздің сөмкеңіз әрдайым жабық болуы керек. Адамдар көп жерлерде оны өзіңізге қарай басып, ұстаңыз.
3. Гипермаркеттерге барған кезде ешқашан сөмкені сауда арбасына салмаңыз;
4. Ешқандай жағдайда сіздің сөмкеңізде банктік картаның пин-коды бар жазбаны сақтамаңыз, әсіресе оны ешқашан картаның өзінде көрсетпеңіз!
5. Мүмкіндігінше өзіңізге қажетті ақша сомасын өзіңізбен бірге алуға тырысыңыз. Қосымша ақшаны үйде қалдырыңыз.
6. Ақшаны санап жатқанда, оны айналаңыздағы адамдар байқамай жасауға тырысыңыз.
Егер сіз қалта ұрысын байқасаңыз, дереу полицияға «102» телефон нөмірі бойынша хабарлаңыз. Бұл жағдайда қылмыскердің сыртқы келбетін есте сақтауға тырысыңыз, осылайша сіз оны іздеуде құқық қорғау органдарына көмектесесіз.