Ақтөбе облысы полиция департаментінде әйелдерге құрмет көрсетілді
Ақтөбе облысы полиция департаментінде әйелдерге құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы полиция департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шараға ішкі істер органдарының әйел қызметкерлері, ардагерлер, қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері, сондай-ақ жас мамандардың аналары мен шақырылған қонақтар қатысты.
Іс-шара барысында Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы еңбегін жоғары бағалады.

Департамент басшысы өз сөзінде әйел қызметкерлердің кәсібилігі, жауапкершілігі және табандылығы ішкі істер органдары жүйесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сондай-ақ әйелдердің ұжымдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы үлесі ерекше екенін айтып, барша әріптестеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық пен жұмыстарына сәттілік тіледі.
Салтанатты шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық марапаттарымен, алғыс хаттарымен және полиция департаментінің атынан марапат табысталды.

Сонымен қатар ішкі істер органдарының ардагерлеріне, қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелеріне және жас қызметкерлердің аналарына құрмет көрсетілді.
Мерекелік күні департамент ұжымының тыныс-тіршілігіне елеулі үлес қосып жүрген техникалық қызметкерлер мен тазалыққа жауапты мамандар да назардан тыс қалмай, оларға алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар ән айтып, би билеп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара соңында департамент басшылығы әйел қызметкерлерге қызметтерінде табыс, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілеп, олардың ел тыныштығын қамтамасыз ету жолындағы еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын атап өтті.
