Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау өткізілді

Ақтөбе облысы ПД бастығының м.а. Қанат Алиев кезекті азаматтарды қабылдауды өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының тұрғындарымен, қонақтарымен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды жеке қабылдады.

Азаматтар Полиция департаментінің басшылығына өзекті мәселелер бойынша жүгінді. Қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелерді Қанат Әлиев жеке бақылауға алды. Бірқатар нақты фактілер бойынша қызмет басшыларына әрбір өтініш пен шағымды егжей-тегжейлі қарап шығуға, өтініш жасағандарға әрбір мәселе бойынша толық жауап беруге, сондай-ақ заңнама шеңберінде көмек көрсетуге тиісті тапсырмалар берілді.

– Полиция қадамдық қолжетімділікте болуы тиіс. Қазіргі уақытта біз осы қағида бойынша жұмыс істейміз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында біз азаматтарды жүйелі түрде қабылдаудамыз. Мұндай іс-шаралар апта сайын Полиция департаментінде де, барлық аудандық полиция бөлімшелерінде де өткізіледі, – деді Қанат Алиев.

Полиция департаменті бастығының және орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы апта сайын бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимде және айына бір рет өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты офлайн режимде жүзеге асырылады. Азаматтарды қабылдауға алдын ала жазылу 8 (7132) 936-303 телефон арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру