Ақтөбе облысы Полиция департаментінің тергеушілері марапатталды
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің тергеушілері грамоталармен және медальдармен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Мұғалжар АПБ аға тергеушісі Қуаныш Иманғазинге мерзімінен бұрын полиция майоры арнаулы атағы, Мұғалжар АПБ аға тергеушісі Ольга Омароваға бір саты жоғары арнайы – полиция подполковнигі атағы берілді. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Ақтөбе қ.ПБ № 4 ПБ тергеушісі Нұрлан Рүстемов, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен ПД ТБ аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Галина Стырличук, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Хромтау ПБ аға тергеушісі Айзада Абдисаликова марапатталды.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ Грамотасымен Хромтау АПБ тергеушісі Рүстем Балтабеков және ПД ТБ тергеушісі Нұрлыбек Бегежан марапатталды.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақтөбе қ.ПБ №3 ҚПБ аға тергеушісі Саян Қуанышев пен Алға АПБ тергеушісі Мейіржан Кубашевқа алғыс жарияланды.
Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Самат Аисов тергеушілерді марапаттарымен және атақтарымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда әрбір тергеуші азаматтар мен мемлекет үшін үлкен маңызға ие жауапты, күрделі жұмысты жүргізуде, онда табандылық пен принциптілік, адалдық пен жеке парасаттылық және, әрине, заңды қатаң сақтау маңызды.
Самат Аисов сонымен қатар тергеушілердің басым көпшілігі дәл осындай кәсіби және адами қасиеттерді көрсететінін, сондай-ақ өздерінің қызметтік міндеттерін нақты және адал орындайтынын атап өтті.