Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы қылмыстық жазаларын өтеген азаматтарға әлеуметтік көмекті ұйымдастыру мәселелері қаралды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында қылмыстық жазаларын өтеген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру мәселелері қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқановтың төрағалығымен “Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру” жөніндегі комиссия отырысы өтіп, оған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің аға инспекторы Қайрат Кубаев, Мұғалжар ауданы бойынша №1 және №2 Пробация қызметінің басшылары және аталған салаға қатысы бар аудандағы бірқатар мекеме басшылары қатысты.

Алдымен Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары Жандос Кулбаев пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға құқықтық көмек көрсету туралы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан жұмыссыздарды 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шараларға жолдама беру туралы аудандық мансап орталығының директоры Ғалым Дәрімбетов баяндады.

Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен қылмысты қайта болдырмау, алдын алу және 9 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға Мұғалжар аудандық №1 және №2 пробация қызметінің басшылары тоқталып өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру