Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы тұрғынының сарайынан қарасораның 122 бұтасы табылды

Ақтөбе облысы тұрғынының сарайынан қарасораның 122 бұтасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында полицейлер құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 44 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің сарайынан жабайы өсетін қарасораның 122 бұтасын тауып, тәркіледі.

ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру