Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 10 шетелдік елден тысқары шығарылды

Ақтөбе облысы аумағында 2021 жылғы 7-12 шілде аралығында «Заңсыз келуші-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері ҚР азаматтарының шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауына және мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактілерін анықтауға ерекше назар аударады.

«Заңсыз келуші-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінің қорытындысы бойынша шетелдіктер мен ҚР азаматтарының көші-қон заңнамасын екі жүзден астам бұзушылық анықталды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 10 шетелдік шығарылды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту фактісі анықталды. 63 жастағы ер адам өткізу пунктінен қасақана шығып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру