Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 12 күн ішінде 48 мас жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында 12 күн ішінде 48 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 5-11 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Облыс бойынша бес мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде «нөлдік төзімділік» тәртібімен 1299 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 149 құқықбұзушылық, 448 ұсақ бұзақылық анықталды, 171 азамат уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды, 18 адам қабылдау-тарату орнына қамалды.

Сонымен қатар, 1 400-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері тіркелді. Оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарудың 48, қарсы жолға шығудың 55, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 435, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеген 208 жүргізуші және жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзудың 1093 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру