Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 20 мас жүргізуші анықталды

19-21 тамыз аралығында Ақтөбе облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция  қызметкерлері үш күн бойы күшейтілген жұмыс барысында еріктілер мен блогерлермен бірге қала көшелеріне шығып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда қырағы және сақ болуға шақырды.

Үш күннің қорытындысы бойынша 1200-ден астам ЖҚЕ бұзудың жолы кесілді. Айтап айтқанда, полиция қабылдаған шараларға қарамастан, кейбір жүргізушілер өз өмірі мен айналасындағы адамдардың өмірін қауіп-қатерге тігіп, мас күйінде көлік жүргізуді жалғастыруда. Мұндай 20 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ, көрсетілген кезеңде үш ЖКО-ға жол берілді, онда 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері абай болуды, жол қозғалысының  барлық қатысушыларына жолдардағы жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру