Ақтөбе облысында 4 жүк көлігі соқтығысты
Ақтөбе облысында төрт жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 желтоқсанда Самара-Шымкент автожолында төрт жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Жолдың тайғақ учаскесінде 4 жүк көлігі (фуралар) соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жүргізуші зардап шеккен.
Жолдардағы ЖКО-ның негізгі себебі – жүргізушілердің менмендігі.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерге әсіресе қысқы уақытта ауарайының нашарлауына байланысты жолдарда жүрукезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтық пен маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға, жолбелгілерінің нұсқамаларын қатаң орындауға жәнеқысқы резеңкеге уақтылы көшуге кеңес береді.