Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 8 шетелдік елден шығарылды

Ақтөбе облысында 8 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында 10-17 наурыз аралығында «Мигрант» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты –  заңсыз көші-қон арналары мен заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау және шетелдіктердің облыс аумағында болуын бақылауды күшейту.

Төрт күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 400-ден астам шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 8 шетелдік азамат шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру