Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 84 велосипед ұрлығы орын алды

Ақтөбе облысында жыл басынан бері велосипед ұрлығының 84 фактісі орын алды, оның 46-сы тәртіп сақшыларымен ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті ақтөбеліктерден өз меншігіне қатысты қырағы болуын, жеке мүлікті ұрлау фактілерін болдырмау үшін барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануын сұрайды. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан велосипедтерді ұрлау фактілері тіркелуде, олар телефондар және әмияндар секілді қылмыстық қол сұғушылыққа бейім.

Велосипед ұрлығының алдын алу мақсатында Ақтөбелік полицейлер көшедегі кез-келген патрульге барып, өз велосипедінің мәліметтерін енгізе алатын мәліметтер база құрды. Негізінен велосипедтерді ұрлау жұмыс күндері болады, себебі көп қабатты үйлердің баспалдақ алаңдарынан және жеке меншік үйлердің аулаларынан ұрланады, азаматтар велосипедтерін қараусыз қалдырады, өз мүліктерін сақтау бойынша тиісті шаралар қолданбайды. Ұрлықтан қорғаудың жалғыз кепілді әдісі-велосипедті қараусыз қалдырмау. Түрлі құлыптар, дабылдар және басқа да құлаулар ұры жолында уақытша кедергі болады.

30 маусым күні түнгі сағат 2-де Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылының тұрғыны, 1980 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі Маржанбұлақ кентіндегі жеке үйдің ауласынан «Стелс» маркалы велосипедін ұрлап кеткен. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру