Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында алаяқтық фактісі анықталды

Ақтөбе облысында алаяқтық жолмен тұрғындарды алдап жүрген күдіктілер жауапкершілікке тартылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында полиция бөліміне 47 жастағы Алға қаласының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, оның мамыр айының соңында белгісіз адам төлқұжат деректері мен интернет ресурстарын пайдаланып, оның атынан алдау жолымен бір қаржы ЖШС-нің бірінен 65 мың теңге көлемінде онлайн несие алған.

Аталған факті бойынша күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық« бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, басты мәселеалаяқтар басында зардап шегушінің жеке ақпаратына ие болып, кейін құпия кодты алғаннан кейін жеке кабинетке кіріп несие ала алады.

Нақты төлқұжат деректері, шот нөмірі және клиенттің басқа да жеке мәліметтерібұл алаяқтық схеманы жүзеге асыру үшін 90 пайызға дейін қажетті негізгі ақпарат, – деп Қанат Нұрмағамбетов атап өтті.

Сонымен қатар, сенімге негізделген алаяқтықтың танымал тәсілдерінің бірі электрондық хабарландыруды және интернет-аукциондарда тауарларды сату туралы хабарландыруларды орналастырумен байланысты. Әдетте, алаяқтар өз құрбандарын арзан бағаментиімді ұсыныстармен тартады және ақша қаражатын электрондық төлем арқылы алдын ала аударуды талап етеді.

Осылайша, 34 жастағы Атырау қаласынын тұрғыны Ақтөбе қаласының полиция бөліміне  жүгінді. Оның айтуынша, 2020 жылдың наурыз айының басында «Instagram» парақшасы арқылы интернет-ресурстарды пайдалана отырып, 33 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны, көйлекке тапсырыс қабылдауды сылтаулатып, алдау жолымен Атырау қаласынын тұрғынының 40 мың теңге ақшасын алып кеткенін мәлімдеген.

Осыған байланысты, егер сатушы сатып алынатын тауар үшін толық немесе ішінара алдын ала төлемді электрондық шотқа аударуды талап етсе, сіз бейтаныс адамға сенуге болмайтынын біліңіз. Бейтаныс тұлғаларға анонимді төлем жүйелері арқылы ақша аудара отырып, егер мәміле жасалмаса, оларды қайтару кепілдігі жоқ екенін есте сақтаңыз. Алаяқтардың түрлі алдауларына сенбеңіз және түспеңіз.

Көптеген адамдар қазірде түрлі хабар алмасу программаларын пайдаланады және әлеуметтік желілерде өз парақшалары бар. Қазіргі кезде интернет желісінде қарым-қатынас үйреншікті болып кеткені соншалық тікелей қарым-қатынасты толығымен алмастырды.

Қазіргі таңда қылмыскерлерге жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін күрделі техникалық амалдар табудың қажеті жоқ, адамдар жеке мәліметтерімен өздері-ақ бөлісіп жатады. Әлеуметтік желілерде өздері туралы мәліметтерді жариялайды, олар бұл ақпаратпен мыңдаған адамдармен бөліседі. Бірақ ескеретін жағдай, олардың барлығы сенімді адамдар емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру