Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатудың 7 дерегі анықталды

Ақтөбе облысында алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатудың 7 дерегі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

18 наурыздан бастап республика көлемінде “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның алғашқы күнінде Ақтөбе қаласында полицейлер алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатудың 7 дерегін анықтап, 124 бөтелке ішімдік тәркіледі. Бұл бұзушылықтарды, негізінен алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта сату, лиценциясыз сату, 21 жасқа толмаған тұлғаларға саудалау деректері құрайды. 

Заңсыздыққа жол бергендердің басым көпшілігі - дүкен иелері. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Сонымен қатар “Құқықтық тәртіп” шарасы аясында жүргізілген түнгі рейдтер барысында ішкі істер органдарына 60 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін - 55.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүргені үшін 53 ата-ана, сондай-ақ түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың жүруіне жол берген 2 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық жұмыстар белсенді жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру