Ақтөбе облысында анасы мен қызының өмірін жалмаған жол апаты орын алды
Ақтөбе облысында анасы мен үш жасар қызы жол апатынан қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 мамыр күні сағат түнгі 00:10-да Байғанин ауданының 40 жастағы тұрғыны отбасы мүшелерімен Renault Duster автокөлігімен жолға шыққан. Ақтөбе – Астрахань тас жолының 248 шақырымында Қарауылкелді ауылынан бір шақырым жерде жол жиегінде тұрған Iveco жүк көлігіне соқтығысқан.
Соққыдан кейін Renault Duster автокөлігі жол жиегінде тұрған екінші КамАЗ жүк көлігіне барып соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушінің 41 жастағы әйелі мен үш жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. Отағасы кәмелетке толмаған 17 жастағы ұлымен Байғанин аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.