Ақтөбе облысында ақшасын көбейтпек болған екі тұрғын алаяққа алданып қалды
Ақтөбе облысының екі тұрғыны ақшалай қаражатты екі есеге көбейту туралы ақпаратқа сеніп, ақшаларынан айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласының тұрғыны Whatsapp мессенджерінде чат құрып, Ақтөбе қаласының тұрғындарын қомақты қаржы ұйымына ақша салу арқылы ақшалай қаражатты көбейтуге шақырған. Ол белгілі бір соманы салса, бірнеше айдан кейін бұл ақша екі есе өсетінін айтқан. Салымшылар ақшанының қандай жолмен екі есеге көбейетініне де қызығушылық танытпаған.
Күдіктінің айла-амалдарына екі аңғал азаматша алданып қалған. Жәбірленушілердің бірі 400 мың теңге, екіншісі 800 мың теңге салған.
Полиция қызметкерлері өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 37 жастағы күдіктіні анықтады.
Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.