Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны көршісінен 8 қой ұрлап кетті

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны көршісінен сегіз қой ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурызда Шалқар АПБ учаскелік полиция инспекторына Қауылжыр тұрғыны хабарласып, түнде аулада орналасқан сарайдан сегіз бас қойын ұрлап кеткенін хабарлады. Ауыл тұрғыны келтірілген шығынды 400 мың теңгеге бағалады.

Учаскелік полиция инспекторы осы қылмысты жасады деген күдік бойынша жәбірленушінің көршісін анықтап, ұстады. Ұрланған қойлар иесіне қайтарылды.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы 3-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті АПБ УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру