Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны қаруды заңсыз сақтаған

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны қаруды заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 шілдеде полицияға Мәртөк ауданының 33 жастағы тұрғынының қаруды сақтайтыны туралы ақпарат келіп түскен. Осы ақпаратты алғаннан кейін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, дереу тексеруге кірісті, оның барысында аталған ер адамнан ұсақ калибрлі ойық ұңғылы мылтық пен оның екі патроны табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қажетті жедел-тергеу іс-шаралары атқарылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру