Ақтөбе облысында бір тәулік ішінде 7 мас жүргізуші ұсталды
Ақтөбе облысында бір тәулік ішінде жеті мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша кезекші тәулікте 15 қылмыс тіркелді, оның ішінде тоғызы полиция қызметкерлерімен ізін суытпай ашылды, алты қылмыс ашылмай қалды.
Бір тәулік ішінде 623 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарған жеті адам ұсталды.
– ЖҚЕ бұзғаны үшін 468 хаттама толтырылды.
– қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін 30 хаттама толтырылды,
– ұсақ бұзақылық үшін 22 хаттама толтырылды.
– өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар 155 хаттама толтырылды.
ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 100 әкімшілік құқық бұзушылық және бір қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.