Ақтөбе облысында бір тәулікте үш ЖКО тіркелді
Ақтөбе облысында бір тәулікте үш ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kzАуа райының нашарлауы, оның ішінде температураның өзгеруіне байланысты өткен тәулікте облыс бойынша үш көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Қаза тапқандар жоқ.
Мәселен, 2 қарашада Ойыл ауданындағы Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда – Соль – Илецк автожолында 36 жастағы Ваз-21144 автокөлігінің жүргізушісі рөлін басқара алмай, алда келе жатқан Газ-330232 көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Ваз-21144 автокөлігінің 22 жастағы жолаушысы Ойыл ауданының ауруханасына жатқызылды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті сақ болуды, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтауды, қатты тежеуден аулақ болуды ұсынады.
– Үй маңындағы аумақтармен жүру кезінде автожолдарда, мектептердің жанында, жол қиылыстары мен көпірлерден түсу және көтерілу кезінде ерекше сақ болу керек. Жолға шықпас бұрын ауа райының жақсарғанын күтіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға қауіп төндірмеңіз. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс нормаларын сақтауы керек. Жүргізуші сізді көріп өткізіп жіберетініне көз жеткізуіңіз қажет. Көлік құралының тежеуіш жолы ылғалды жамылғыда әсіресе көктайғақ жағдайында айтарлықтай ұлғаятынын есте сақтауы тиіс, – деді полицейлер.