Ақтөбе облысында бірнеше дүкенге ұрлыққа түскен үшеу ұсталды
Ақтөбелік полицейлер Байғанин ауданында дүкендерден бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен үш қаскүнемді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскүнемдер түнде дүкенге кіргені белгілі болды. Олар терезені сындырып, көп мөлшердегі ішімдік пен темекі өнімдерін ұрлаған. Сонымен қатар, дүкендердің бірінде «Sony Playstation 4» бейне приставкасы мен приставканың джойстик, дискілерін ұрлап кеткен. Жалпы шығын 1 млн. мың теңгеден астамды құрайды.
Күдіктілер 20 және 21 жастағы жігіттер, Атырау облысының Мақат ауданында тұрады.
Ұсталғандар наурыз бен маусым аралығында Ақтөбе облысында азық-түлік дүкендерінен тауар ұрлаудың кем дегенде үш ұқсас эпизодына қатысты.
Зиянкестер ұрланған тауарларды Мақат кентінде орналасқан дүкендерге арзан бағамен тапсырғаны анықталды.
Ұсталғандарға қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Бүгінгі таңда дүкеннен тауарларды рұқсатсыз шығарумен күресу үшін әртүрлі жабдықтар қолданылады – бұл бейнебақылау жүйелері, радиожиілікке қарсы құрылғылар, детекторлары бар турникеттер және тағы басқалар.
Есіңізде болсын, шығындардан қорғаудағы ең бастысы – дәл осы кешенді тәсіл, яғни ұрлықпен күресуге бағытталған шаралар мен жабдықтар кешені:
⋅ Ұрлыққа қарсы жүйелер – тауарларды рұқсатсыз шығаруды болдырмау үшін.
⋅ Кассирлерді, қойма аймақтарын және т.б. бақылауға арналған бейнебақылау жүйелері.
⋅ Қауіпсіздік айнасы-сауда залы мен кассалық өткелдердің көрінбейтін учаскелерінің қауіпсіздігін арттыру.
⋅ Дайындалған қауіпсіздік қызметі – ұрлыққа қарсы жүйелермен жұмыс істеу үшін.