Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында биыл 25 заңсыз такси жүргізушісі анықталды

Ақтөбе облысында биыл 25 заңсыз такси жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында облыс аумағында жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілердің рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексереді. Сонымен қатар жолаушыларды сақтандыру қағаздары болуы тиіс – бұл заңнамада көзделген азаматтардың мүдделерін қорғау шараларының бірі.

– Заңсыз тасымалдаушылар өз жолаушыларының өмірі мен денсаулығы, жүктің сақталуы үшін іс жүзінде ешқандай жауапкершілік көтермейтінін түсіну маңызды, — деп түсіндіреді патрульдік полиция ротасының взвод командирі Жеңісбек Мұратов.

Полицияның тәжірибесінде есірткілік мас күйде жолаушылар тасымалдаған жүргізушілер де болған. Заңсыз тасымалмен айналысатындар көлік құралдарының техникалық жай-күйін де бақыламайды. Заңсыз тасымалдаушылар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, полиция Қазақстан Республикасына уақытша әкелінгендерді қоспағанда, шетелдік тіркеуі бар автомобильдерде жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады.

Жыл басынан бері облыс жолдарында барлығы 25 заңсыз такси жүргізушісі анықталды және олардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 12 адам жарақат алса 8 адам көз жұмды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру