Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды
Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында учаскелік полиция инспекторы Байғанин ауданы Оймауыт ауылының қасында далада жергілікті тұрғынның басқаруындағы Toyota Hilux автокөлігін тоқтатты, ішінде тағы бір ауыл тұрғыны болған.
Тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан 10 ақбөкен ұшасы мен тіркелген 12 калибрлі аңшы қаруы табылып, тәркіленді.
Пайдалануға тыйым салынған жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.