Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында «Дәрмек» ЖААШ өткізілуде

Ақтөбе облысында 5-9 қыркүйек аралығында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Іс-шара медициналық мекемелердегі есірткі құралдарының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған.

Шараның 4 күні ішінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты 7 қылмыс анықталды. Атап айтсақ, ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша 4 дерек анықталды. ҚР ҚК 303-бабының 1-тармағында (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) бойынша бір дерек анықталған.

Медицина қызметкерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың үш дерегі анықталды. Құрамында есірткі заты бар препараттың екі мыңнан астам ампуласы, тропикамид тыйым салынған медициналық препаратының 5 құтысы және 70-тен астам трамадол таблеткасы табылып, тәркіленді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті есірткі заттарды қолдану сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізетінін, есірткі заттарды таратқаны және сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру