Ақтөбе облысында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды
«Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасының 16 күні ішінде полицияға 602 кәмелетке толмағандар жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болу және ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың жазғы демалыс кезеңінде 15 мен 30 маусым аралығында облыс аумағында «Демалыс» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда және ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.
«Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде ІІО-ға 602 кәмелетке толмаған жеткізді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 17, 23.00-ден 06.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін 583, 14-тен 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандармен жасалған бұзақылық екі фактісі анықталды. Сондай – ақ, 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатудың 13 фактісі анықталды, балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 18 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
ІІБ-ның есебіне 53 кәмелетке толмаған жасөспірім және 42 қолайсыз отбасы алынды.