Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 желтоқсанда Lada Granta автокөлігінің 74 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, 20 жастағы жүргізушінің басқаруымен Lada Vesta автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің жолаушысы – 71 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, екі жолаушы түрлі жарақаттармен Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өткен тәулікте облыста бес жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру