Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ер адам ауылдасына оқ атқан

Ақтөбе облысында ер адам ауылдасына оқ атқан. Ауыл тұрғынынан мылтық тәркіленді – деп хабарлайды Polisia.kz

17 тамызда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Мөңке би ауылында алкогольдік ішімдік ішу кезінде екі таныстың арасында жанжал туындаған. Оларды жақын маңдағы ауыл тұрғындары ажыратқан.

Алайда олардың бірі өшпенділікпен біраз уақыттан кейін үйге келіп, 43 жастағы ер адамға қарай оқ атқан.

Салдарынан жәбірленуші оң жақ білегінен оқ жарақатын алып, Шалқар аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 48 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-т., 99-бабы 1-т. бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, бірақ ол оқ атқан қаруды беруден бас тартқан.

Жергілікті полиция бөлімінің  қызметкерлері күдіктінің тұрғылықты жері мен мал қорасына тінту жүргізіп, шөп арасынан 12 калибрлі, қос ұңғылы мылтықты тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру