Ақтөбе облысында ер адам КамАЗ-ды мас күйде басқарған
Ақтөбе облысында мас күйде КамАЗ басқарған ер адам анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері 24 ақпанда Мұғалжар ауданының Жаңажол-Северная труба автожолында қызмет атқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 55 жастағы жүргізушінің басқаруындағы КамАЗ жүк көлігін тоқтатты.
Жүргізушінің өз-өзін ұстауы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды, жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйінде екенін көрсетті. Сонымен қатар, жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КО-ны басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші Ембі қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.