Ақтөбе облысында ер адамнан «синтетиканың» 2 мыңға жуық бір реттік дозасы тәркіленді
Ақтөбе облысының полициясы синтетикалық есірткінің 2 мыңға жуық бір реттік дозасын сатудың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы ПД есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 35 жастағы ақтөбелікті ұстады. Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында ұсталған адамнан ұнтақ заты бар 126 байлам тәркіленді. Әрі қарай, қызметтік иттің көмегімен жалдамалы пәтерді тінту барысында полицейлер ұнтақ заты бар 10 zip-пакет тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар мефедрон психотроптық заты болып шықты, жалпы салмағы 275 грамнан асады. Бұл 7 млн теңге сомасына 2 мыңға жуық бір реттік дозаны құрайды.
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.